Жолды 20 ақпан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
Ауа райының бұзылуына қатысты екі облыста жол жабылды
Фото: istockphoto.com
1,032
оқылды

ҚазАвтоЖол Солтүстік Қазақстан облысы мен Атырау облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«2025 жылғы 19 ақпан сағат 21:00-де ауа райының бұзылуына байланысты “Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау теңіз порты” автожолының 3-120 шақырым аралығында (Доссор ауылы-Құлсары ауылы) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылады», - делінген хабарламада.

Жолды 20 ақпан сағат 07:00-де ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

2025 жылғы 19 ақпан сағат 23:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды: 

- "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 624-673 шақырым арылығы (Достық ауылы - Тоқсан Би ауылы);

 - "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" автожолының 795-834 шақырым аралығы (Чистополье ауылы - Рузаевка ауылы).

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.