Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен еліміздегі алғашқы бірегей жоба іске аспақ. Өңірдегі дарынды жастардың шабытын шыңдау мақсатында «Мизам» әдебиет мектебі ашылды.
Әдебиет мектебі ашылды
188
оқылды

Жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған бұл білім ошағының талантты ұрпақты қолдап, дұрыс жол сілтеудің маңызды қадамы. Болашақ шәкірттер кәсіби шыңдалып қана қоймай, әдебиет сахнасында өз қолтаңбасын қалдыруға мүмкіндік беретін өнер үйі.

– «Мизам» мектебінің ерекшелігі – бұл көшпелі мектеп. Әр аудандағы талантты жастарды тартатын әдебиеттің қара шаңырағы болмақ. Өңірдің танымал қаламгерлері жаңашыл жастарды іздеп барып, әр аймақта бір апта бойы дәріс жүргізеді. Аталмыш әдебиет мектебінің өзегі жеті түрлі бағыт бойынша білім беріп қана қоймай, халқымыздың «Жеті қазына» ұғымына сай, жан-жақты да­мы­ған, рухани білімі мен өнегесі тоғысқан тұлғаларды қалып­тастыруды көздейді. Жас қаламгерлердің көкжиегін кеңейтіп, олардың бойына терең ілім мен ұлттық құндылықтарды дарытуға арналған. Бұл мектепке өңірдің 6-10-сынып оқушылары қатыса алады, – дейді облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама бас­қармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов.

Әр ауданнан 20 оқушы қабылданса, облыс бойынша 200 баланы оқыту жоспарланған.