Ол көреалмаушылық, адамның жақсы қасиеттерін елемеу сияқты әдеттерден арылу маңызды деп санайды.
«Негатив дүниелер бар»: Айгүл Иманбаева өміріңде өзгеріс болу үшін қандай әдеттерден арылу керегін айтты
Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva
6,958
оқылды

Актриса Айгүл Иманбаева желідегі парақшасында адамның теріс әдеттері туралы сөз қозғады, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол көреалмаушылық, адамның жақсы қасиеттерін елемеу сияқты әдеттерден арылу маңызды деп санайды.

“Біздің қазақ халқының ділінде қанына сіңіп, қалыптасып кеткен көптеген негатив дүниелер бар. Соның бірнешеуін атасам: кісіні жөнсіз сынап-мінеу, көреалмаушылық, кемшілігін теріп, жақсы қасиеттерін жоққа шығару, жалпы айналасындағы адамдардан тек жаман жағын ғана байқау. Осы жағымсыз қасиеттерінен біржола бас тартып, әркім өзін ғана көріп, өзіне күле білуді үйренуі қажет деп санаймын. Мен үшін тек өзімнің ғана емес, жағалауымдағы жұрттың да үлкен өзгеріске бет бұрып, жарқын болашаққа бет алғаны маңызды”, – дейді актриса. 

Актриса өзге тілде сөйлегені үшін оқырмандарынан сын естігенін айтты.

“Бір жиында орысша сөйлеп, сөз естідім. Іскерлік кездесу кезінде мен спикер ретінде шақырылдым. Сол кезде орысша сөйлеуге тура келді. Өйткені жалғыз қазақтар емес, орыстар мен ұйғыр ұлтынан да тыңдаушылар бар еді. Одан кейін әлеуметтік желідегі трендті түсіріп тағы сөз естідім. Хейтерлер қаптап кетті. Бірақ қазір солар мені өшірмей, өсірген екен. Сондықтан оларға ренішім жоқ”, – дейді ол. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.