3 шетелдік азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Халықаралық іздеуде жүрген 3 шетелдік Қазақстанда ұсталды
Фото: polisia.kz
628
оқылды

Шымкент пен Атырау әуежайларында криминалдық полиция қызметкерлері Өзбекстан аумағында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген үш Түркия азаматын ұстады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ташкентте ер адамдар бетперде тағып, бөтен біреудің көлігін басып алуға тырысқан. Алайда жәбірленушілердің белсенді қарсылығының арқасында шабуылдаушылар өздерінің қылмыстық жоспарын жүзеге асыра алмаған. Осылайша, олар оқиға орнынан ізін суытқан.

Қарақшылық жасалғаннан кейін, іздеуге жарияланбастан бұрын қаскөйлердің екеуі Атырау облысында, ал үшіншісі Қазақстанның оңтүстігінде жасырынған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде үш күдікті де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.