Ұлттық банк 20 ақпанға арналған ресми валюта бағамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық банктің ресми мәліметіне сәйкес, бүгін доллар бағамы – 503,61 теңге, еуро – 524,96 теңге, рубль – 5,58 теңге.
Астанадағы валюта айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағасы – 501 теңге, ал сату құны – 507 теңге. Еуроны сатып алудың орташа бағамы – 521 теңге, сату бағасы – 527 теңге. Рубль бағамы 5,46-5,56 теңге аралығында.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа құны – 502,1 теңге, сату бағамы – 506,1 теңге. Ал еуроны сатып алудың орташа бағасы – 522,5 теңге, сату құны – 528,5 теңге. Рубльді сатып алу бағасы – 5,39 теңге, ал сату құны – 5,51 теңге.