Satbayev University белгілі кәсіпкер Арсен Томский келісімге келіп, inVision U жобасын қолға алды. Енді университет ішінен Қазақстанның және Орта Азияның дарынды түлектері inVision U факультетінде тегін білім алуына мүмкіндік туды. Ондағы студенттер тегін білім алып қана қоймай, тұрмысы төмен отбасылардың балаларына жатақхана беріліп, тамағы мен жүріп-тұруына арналған стипендия қарастырылады.
– ІnVision U факультетінің ашылуы – көптен күткен арманымыздың алғашқы қадамы. Мақсат – ұмыт болған аймақтардағы жастардың білім алып, білікті маман дайындау. Айтқанымыздай, ІnVision U-да студенттердің оқуы тегін. Сондықтан ең әуелі талантты жастардың әлеуметтік жағдайына қарамастан, білім алуына мүмкіндік беріліп отыр. Оған қоса, шалғайдағы ауыл-аймақтан келген түлектердің оқуға бейімделуіне көмектесетін дайындық жылы (Foundation year) қарастырылған. Осы бастамамызды Орталық Азиядағы жетекші инженерлік білім және ғылыми зерттеу университеттерінің бірі – Satbayev University-мен бірлесіп істегенімізге қуаныштымыз. Ендігі міндет мықты оқытушылар құрамын қалыптастырып, Алматыда жеке кампусы бар толыққанды университет ашуды жоспарлап отырмыз. Болашақта бұл жобаны әлемнің басқа өңірлеріне де шығару ойда бар, – деді кәсіпкер Арсен Томский.
Айтуынша, оқу орынның бас кеңсесі Алматыда болады. 2024 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Премьер-Министрімен кездесуінде ол 400 студентке арналған inVision U университетін ашу бастамасын көтерген. Түлектерге оқуын аяқтағаннан кейін де стартаптар мен әлеуметтік бастамаларды іске қосуға көмектесу арқылы қолдау көрсетіледі.
ІnVision U оқу бағдарламасы өзара байланысты бес бағытты қамтиды: ғылым, технология, қоғам, маркетинг, медиа және мемлекеттік басқару. Бағдарлама 2025 жылдың қыркүйегінде басталады деп жоспарланып отыр. Алғашқы оқу жылы дайындық пәндері циклінен (Foundation) басталып, студенттер сыни ойлау мен талдау дағдыларын меңгереді.
– Біз үшін зерттеу университеті ретінде студенттерімізге болашаққа бағытталған инновациялық салаларда өз күшін сынауға мүмкіндік беру аса маңызды. Біздің студенттер PennState және CityU қос дипломды бағдарламалары бойынша білім алады. Қытайда логистика және теміржол саласын меңгереді, сондай-ақ Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі өндірістерде дуалды оқыту бағдарламаларынан өтеді. Мұның бәрі студенттеріміз Satbayev University-дің алдыңғы буындарының жылдар бойы қалыптастырған көшбасшылық дәстүрін ары қарай жалғастыруы үшін жасалып отыр", – деді Satbayev University ректоры Мейрам Бегентаев.
Foundation Program бағдарламасына өтінім қабылдау 2025 жылғы 15 сәуірде басталып, 1 тамызда аяқталады. Бағдарлама 2025 жылғы 1 қыркүйекте іске қосылады. Undergraduate Program бойынша оқу 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталады. Өтінім беру мерзімдері туралы толық ақпарат кейін жарияланады.