Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова сот процесі аяқталған соң жаңа өмір басталғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Алаяққа алданып, үйінен айырылып қалған актриса іс ұзаққа созылғанмен, әділ шешім шығарына сеніп келгенін, сол үміті ақталғанын жеткізді.
« Өмірімнің жаңа кезеңі басталды. Алда бөлісетін көптеген жақсы жаңалықтар бар. Онымен кейінірек бөлісемін», – деді ол.
Желі қолданушылары актрисаны жаңа үйге көшеді деп болжады. Өйткені оқырмандарынан көмек сұрап, құрылыс, жөндеу жұмыстарына байланысты сенімді компанияларды ұсынуды өтінген.
«Енді маған қызық тақырып, ремонт, интерьер дизайны… Өйткені жөндеу жұмыстарына дайындық», – дейді актриса.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.