Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қар, көктайғақ, боран: екі облыста көлік қозғалысы шектелді
4,747
оқылды

Екі облыста ауа райының нашарлауына байланысты (қар, көктайғақ, боран, көрінудің шектелуі) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Маңғыстау облысы:

  • Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау қаласының 210-786 шақырымы, Атырау облысының шекарасы – Ақтау қаласы;
  • Жетібай – Жаңаөзен – ТР шекарасының 0-58 шақырымы, Жетібай ауылы – Жаңаөзен қаласы.

Ақтау – Құрық ауылының 13-72 шақырымы, Ақтау қаласы – Құрық ауылы.

Атырау облысы:

  •  Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау қаласының 126-210 шақырымы, Құлсары қаласы – Маңғыстау облысы.

ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар.