Алаяқтар зейнеткерге алдымен ұялы байланыс операторы болып хабарласып, SIM-картасының мерзімі аяқталғаны туралы айтқан.
Шымкенттік зейнеткер алаяқтарға сеніп, 46 миллион теңгесінен айырылды
Фото: istockphoto
1,185
оқылды

Шымкентте зейнеткерден 46 миллион теңге жымқырған алаяқтар қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қашықтан алаяқтық жасаған екі күдіктіні киберполицейлер Аnti-fraud іс-шарасы аясында жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары барысында ұстады. 

"69 жастағы қала тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп қалды. Жәбірленуші алдымен "ұялы байланыс операторларынан" SIM-картасының мерзімі аяқталғаны туралы қоңырау қабылдағанын айтты. Мерзімді ұзарту үшін ол SMS-кодты берген. Біраз уақыттан кейін азаматқа "құқық қорғау органдарынан" хабарласып, шотында күмәнді операциялар басталғанын және алдыңғы қоңырау шалғандар алаяқтар екенін жеткізген. Зейнеткер қаскөйдің нұсқауымен шотындағы бар ақшаны шешіп алып, жинап тергенін сақтап қалу үшін "сенімді қолға" уақытша тапсырған: ішінде 46 миллион теңге бар пакетті жалған құқық қорғаушылар ауладағы орындықтан алып кеткен", – делінген хабарламада.

Қазір аталған жайт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.