Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласында көктемгі егіс жұмыстарына 171 млрд теңге жеңілдікті кредиттер берілген.
Көктемгі дала жұмыстарына дайындыққа 700 миллиард теңгеге дейін бөлінеді
Фото: gov.kz
487
оқылды

«Аграрлық несие корпорациясы» жылдық 5% деңгейінде жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесімен «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша қаржыландыруды жалғастыруда, – деп хабарлайды Aikyn.kz  Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

2 042 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіден шамамен 239,4 млрд теңге сомасына өтінімдердің жалпы пулы қалыптастырылып, оның ішінде 1 958 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден 232,7 млрд теңге сомаға өтінімдер жұмысқа қабылданған. Нәтижесінде 171,6 млрд теңге сомасына 1 396 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қаржыландырылған. Ақмола, Қостанай және Түркістан облыстарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер белсенділік танытқан.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын ерте қаржыландыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жеңілдетілген кредит беруге өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 29 қарашада басталды. Бұл шаралар фермерлерге барлық қажетті шараларды сапалы өткізуге, тұқымдар, тыңайтқыштар сатып алуға және техниканы дайындауға мүмкіндік беру үшін қабылданды.
Жалпы, көктемгі дала жұмыстарына 700 млрд теңгеге дейін бағытталатын болады, оның 560 млрд теңгесі нарықтық капитал көздерінен тартылады. Үкіметпен қабылданған шаралар нәтижесінде аграршылар барынша қолайлы жағдайларда қаржылық қолдау алады екен.
Атап айтқанда, қарыздарды рәсімдеу үшін де, оларды кейіннен өтеу үшін де жүгінуге болатын қаржы институттарының саны ұлғайған. Қаржыландыру екінші деңгейдегі банктер, кредиттік серіктестіктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар және Аграрлық несие корпорациясы арқылы қолжетімді болады.
Кепілмен қамтамасыз етудің жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қарыз сомасының 85% кепілдендіруді жоспарлап отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.