Осы жолы Жұлдыз Әбдікәрімованың «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрындағы «Ұлы дала әуені» салтанатты одасын тыңдауға барған сәті видеоға түсіп қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Онда әртіс негізгі шара басталмай тұрып, мемлекеттік органдар, қала әкімдігіндегі таныстарымен, одан қалды әріптестерімен – мәдениет саласының майталмандарымен қол берісіп, беттен сүйіп амандасқан.
Олардың басым көпшілігі ер адамдар болғаннан кейін жұртшылық оны сынға алып, тіпті «еркек біткеннің бәріне жабысып не болды?» деуден де тайынбаған.
«Сонша жақындап не болды?», «Күйеуі бар әйелге ұқсамайды», «Министрдің өзі ыңғайсызданып қалды ғой», «Қандай жақын болсаңыз да, сүйісіп амандасу – қазақ қызына жат дүние, ерсі көрінеді», – деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.