Алматыда жасырын бейнекамера орнатылған шамдарды сатқан күдікті ұсталды.
Жасырын бейнебақылау жабдықтары бар қаламдар мен шамдар сатқан күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz
492
оқылды

Алматыда жасырын бейнекамера орнатылған шамдарды сатқан күдікті ұсталды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Алматылық киберполиция қызметкерлері Anti-fraud жедел алдын алу іс-шарасы барысында арнайы техникалық құрылғыларды заңсыз сатпақ болған күдіктіні анықтады.

Жасырын дыбыс және бейне жазба жасауға арналған техникалық құралдардың заңсыз айналымы тоқтатылды. Алматы облысының 26 жастағы тұрғыны жасырын жазба функциясы бар қаламдарды сатқаны үшін ұсталды. Сондай-ақ күдіктінің жұмыс орнын тексеру кезінде осындай бірнеше қалам, магнитті камералар мен бейнебақылау жабдықтары бар шамдар табылып, тәркіленген.

– Қазіргі уақытта Әуезов аудандық Полиция басқармасында күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің ақпаратты жасырын алу мақсатында арнайы техникалық құралдарды заңсыз өндіру, сақтау, өткізу немесе пайдалану дерегі бойынша іс қозғалды, – деді Алматы қалалық ПД Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Анес Қалдыбаев.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.