Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Мәдениет және білім туралы заң жобасын қарайды
191
оқылды

Бірінші оқылымда Мәжілісте депу­таттар бастамашылық еткен мәдениет пен білім мәселелеріне қатысты заң жобасы талқыланатын болады.

Құжатта мектеп оқушыларын білім беру және мәдени бастамаларға қатысуға ын­таландыру мақсатымен AQYLMAN жо­басын енгізу ұсынылады. Сондай-ақ ғылыми жобалардың халықаралық бай­қауларының жеңімпаздары мен жүлде­герлеріне, оларды дайындаған педагог­тарға бірреттік төлем жасау нормалары қарастырылған.

Білім сапасын арттыру үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын рейтингілеу нормалары енгізілмек. Бұдан бөлек, мемлекеттік тапсырыс есебінен оқыған азаматтарды егер олар мемлекеттік жәрдемақы алу­шы­лар қатарында болса және мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған немесе I топ­тағы мүгедекке күтім жасаған жағдай­да мін­детті түрде еңбек өтеуден босату ұсы­нылады. Сонымен қатар шетелдік білім беру ұйымдарында рези­дентура, магис­тратура, аспирантура, докторан­тура бағ­дарламалары бойынша оқуға түскен және оқуын аяқтаған аза­мат­тарға еңбек өтеуді кейінге шегеру мүмкіндігі қарастырылған.

Депутаттардың бастамасымен әзір­лен­ген заң жобасы отандық әдебиетті дамытуға, кітапхана қорын қолдауға және ономастика саласындағы өзгеріс­терге бағытталған шараларды да қам­тиды. Сон­дай-ақ Мәжіліс жол саласын реформалау мәселелері бойынша жаңа заң жобасын жұмысқа алуды жоспарлап отыр.