Әртіс ресейлік радиоға сұхбат берді.
«Бұл – менің Отаным»: зорлық-зомбылыққа қатысты пікірінен кейін басы дауға қалған Jah Khalib Қазақстанды мақтады (видео)
Фото: instagram/jahkhalib
1,114
оқылды

Танымал рэпер Jah Khalib-тың «Искал нашел» бейнебаянындағы табиғат көріністері ресейлік радиожүргізушілерді бей-жай қалдырмағаны сонша, олар сұхбатқа келген әншіні әбден сұрақтың астына алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Мұндай көз тоймас сұлулықты қайдан таптың?», – деген сауалдарға өнер адамы еш кідірместен: «Бұл менің Отаным – Қазақстан. Оның табиғатының сан алуандығы сонша, онда ғарыштан бастап кез келген жанрға дейінгі фильмдердің барлығын түсіруге болады. Жер бетіндегі әрбір адам Қазақстанды өз көзімен көруі тиіс», – деп жауап берді.

Бейнебаяндағы көз тартарлық әсемдікті көрген әншінің шетелдік тыңдармандары: «Бұдан кейін міндетті түрде Қазақстанға бармасам», «Осындай әсем табиғаты бар қазақтар, сендер қандай бақыттысыңдар!»  – деп таңданыстарын жасырмады.

Оны қазақстандықтар да қолдап жатыр.

«Дұрыс айтады», «Қазақстан алға!», – деп жазды желі қолданушылары. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.