15 наурыз күнгі валюта бағамы
15 наурыз күнгі валюта бағамы
© Сурет ғаламтордан
181
оқылды
15 наурыздағы америкалық долларға қатысты ұлттық валютаның ресми бағамы 405,46 теңге. Қазақстан айырбастау пунктерінде 408-410 теңге арасында сатылып жатыр. Kurs.kz сайтының мәліметтері бойынша Нұр-Сұлтан айырбас орындарында доллар құны 410 теңге, Евро-457-459 теңге арасында. Ресей рублін 5,73-6 теңгеге сатып алуға болады. Алматы айырбастау пункттерінде доллар 408-410 теңгеге, евро – 453,5-458 теңгеге, Ресей рублін - 5 ,72-5,8 теңгеге сатылып жатыр. Шымкент қаласының айырбастау пункттерінде доллар 407,8-410 теңге, евро – 455 - 458 теңге, Ресей рублі - 5,68-5,8 теңгеден сатылады. Қазақстан қор биржасында  жұма, 13 наурыз күнгі орташа көрсеткіш бойынша АҚШ доллары 405,46 теңгеге, ал кешкі сауда сессиясында 405,62 теңгеге бағаланды. Айта кету керек, жұма, 13 наурыз күні Қазақстан қор биржасынан (KASE) жағымсыз хабар келді. Сауда қорытындысы бойынша АҚШ валютасына қатысты теңге бағамы 1 доллар үшін 405,46-ға дейін төмендеді. Ұлттық валюта 6,22 теңгеге әлсіреді. Осылайша, Ұлттық Банктің ресми бағамы 14-16 наурызда 405,46 теңге/$1 болды.