Үкімет осылайша өскен құн салығының ауыртпалығын жеңілдетпек.
Қазақстанда зейнетақы, бюджеттік жалақы мен әлеуметтік төлемдер артады - Жұманғарин
Фото: Видеодан кадр
1,654
оқылды

Қазақстанда зейнетақы мөлшері, бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) пен тұрғын үй көмегі өседі. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сенаттағы Taldau Talks подкастының эфирінде мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Подкаст эпизоды салық реформасына арналды, онда қосылған құн салығының (ҚҚС) ұлғаюы, оның елдегі бюджет пен инфляцияға әсері талқыланды.

«Заң бойынша біз зейнетақыны, бюджеттік сала қызметкерлерінің, мұғалімдердің, дәрігерлердің жалақысын инфляция деңгейінде өтеуіміз керек. Біз мұны орындап жатырмыз. 20 пайыздық инфляция кезінде бұл 800 миллиард теңгені құрады. Ал 16 пайыздық инфляция жағдайында шамамен 500-550 миллиард теңге көлемінде қаражат қажет болады. Тарифтердің өсуіне байланысты бұл төлемдер міндетті түрде артады», – деді Жұманғарин.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.