Журналист Нартай Аралбайұлы қаламгерден алған сұхбатының үзіндісін бөлісті.
«Біздің жасқа келгенде сендердің ұйқыларың тыныш болсын»: Дулат Исабеков жастарға ақ батасын беріп кетті (ВИДЕО)
3,196
оқылды

Онда қазақ әдебиетінің қара нары артында қалған ұрпаққа, қазақ жастарына ақ батасын берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Айналайын, болашақ менің ұрпақтарым! Сендерді ойлап түн ұйқымыз төртке бөлінеді, біздің жасымызға келгенде сендердің ұйқыларың тыныш болсын! Немерелеріңнің алдынан қауіп-қатер төнбейтініне көздерің жеткенде ғана ұйқыларың тыныш болады, солардың өсуін, өнуін, өркендеуін, ел болуын тілеп, ұрпақ өсірулеріңе тілекшімін. Бәле-жаладан, тіл-көзден аулақ болыңдар! Аман-есең болыңдар!» – деген еді ұлы жазушы.

Бұған дейін Дулат Исабеков  өмірден өткенін жазған болатынбыз. Қаралы хабарды Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов жеткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.