Республика бойынша көпбалалы аналардың төрттен бірі осы өңірде тұрады.
7 864 теңге: түркістандық көпбалалы аналарға бірреттік көмек беріледі
Фото: istockphoto.com
2,682
оқылды

Түркістан облысында Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы аналарға бірреттік материалдық көмек көрсетіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz «Қазақпаратқа» сілтеме жасап.

Қазір облыста 18 жасқа дейінгі төрт және одан да көп баласы бар 117 927 ана, 2 175 «Батыр ана», 18 570 «Алтын алқа», 43 413 «Күміс алқа» иегері және I, II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған 3 264 ана бар.

Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында мереке қарсаңында «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне, «Ардақты ана» атағын алғандарға және I, II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көпбалалы аналарға қаржылай көмек қарастырылған.

Аудандық және қалалық бюджет есебінен 63 мыңнан астам адамға жалпы 484,8 миллион теңге бөлінеді. Орташа есеппен әр анаға 7 864 теңгеден беріледі.

Айта кетейік, бүгінде  облыста 5 265 отбасы немесе 31 933 адам атаулы әлеуметтік көмек алады. Оның 62 пайызы – көпбалалы отбасылар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.