Астанада салынып жатқан Family park ТК-де заңсыз салынған ғимараттар бұзылып жатыр, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Елорда әкімдігінің ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, мұндай шешімді сот қабылдады.
Астана қалалық Орта сапасы және бақылау басқармасы бұрын «Өркен 777» ЖШС құрылыс салушысына қатысты Family park » нысаны бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізген.
Тексеру нәтижелері бойынша бекітілген жобадан ауытқулар анықталды, осыған байланысты заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Алайда тапсырыс беруші бұл талаптарды орындаған жоқ, нәтижесінде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап-арыз жолданды. Арыздың талаптары қанағаттандырылды.
Қазіргі уақытта мемлекеттік сот орындаушысымен бірлесіп, заңсыз құрылысты бұзу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз