Коста-Рика басқа елдерден келген 200-ге жуық мигрантты уақытша орналастырады.
АҚШ-тан депортацияланған қазақстандықтардың алғашқы тобы Коста-Рикаға жеткізілді
istockphoto.com
1,427
оқылды

Коста-Рика үкіметі АҚШ-тан депортацияланған алғашқы мигранттар тобын қабылдады, – деп хабарлайды Аikyn.kz 

Reuters  мәліметінше, бұл келісім аясында Коста-Рика басқа елдерден келген 200-ге жуық мигрантты уақытша орналастырады.

– Олардың арасында Өзбекстан, Қытай, Армения, Түркия, Ауғанстан, Ресей, Грузия, Вьетнам, Әзербайжан, Иран, Иордания, Қазақстан және Гана азаматтары бар,  – деп жазады Reuters. 

Бұл шара АҚШ президенті Дональд Трамптың заңсыз миграцияға қарсы қатаң саясатымен байланысты. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз