Қазақстанда ұлттық әуе компанияларында жұмыс істейтін ұшқыштардың 27 пайызы – шетел азаматтары.
Қазақстан аспанын шетелдіктер жаулап жатыр ма?: елде ұшқыш тапшы
Фото: istockphoto.com
1,286
оқылды

Бұған жергілікті мамандардың тапшылығы себеп болып отыр. Республика жыл сайын шамамен 600 жаңа ұшқышқа мұқтаж, алайда қазіргі оқу орындарының мүмкіндіктері бұл сұранысты толық өтей алмайды. Бұл туралы ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

24.kz арнасының хабарлауынша, бүгінде Қазақстанның азаматтық авиациясында 20 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Ұшқыш тапшылығын шешу үшін біраз авиакомпаниялар өздерінің оқу орталықтарын ашып, арнайы бағдарламалар жүргізіп жатыр. Сонымен қатар елімізде болашақ авиаторларды даярлауда маңызды рөл атқаратын Азаматтық авиация академиясы жұмыс істейді. 

Жыл соңына дейін академия Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінен (EASA) халықаралық сертификат алуды жоспарлап отыр. Бұл құжат – еуропалық әуе кеңістігінде әуе кемелерін басқару құқығын беретін ұшқыштарды даярлаудағы «алтын стандарт».

Мамандардың айтуынша, шетелдік кадрларға тәуелділікті азайту үшін ел ішінде ұшқыштарды даярлау ауқымын кеңейтіп, авиация саласында тартымды жұмыс жағдайларын жасау қажет.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.