Оның айтуынша, шығармашылықтан еш алыстамаған, бірақ «Шоқ қыздардай» ән шығару қиын.
«Шоқ қыздар» сияқты ән шығару керек»: Бейбіт Қорған сахнадан неге алыстағанын айтты
Фото: видеодан кадр
2,522
оқылды

Бір әнмен жұлдызы жанған Бейбіт Қорған «Әйгерім Сейфолланың сырласуы» бағдарламасына сұхбат берді, – деп жазады Аikyn.kz

Тележүргізуші көпті толғандырып жүрген негізгі сұрақты қойды. Қазір Бейбіт Қорғанның қоржынында сондай хит әндер неге жоқ?

«Айтайын дегенім сол, неше түрлі әндер жазып жатырмыз. Әртүрлі стильді байқап көрдік, бірақ халықтың өзі сол «Шоқ қыздардан» кейін сондай стильдегі тағы бір ән күтеді. Соны қалайды. Жарайды, оны да орындармыз, бәлкім, бала-шағамызбен айтатын ән болып қалар. Бұйырғаны болады. Сол «Шоқ қыздарға» ұқсайтын ән шығару керек енді. Дайындап отырмыз», – деді әртіс.

Ал «неге шықпай кеттің?» деушілерге әнші сахнадан еш алыстамағанын айтып, бұрынғысынша әндер шығарып жүргенін жеткізді, тек шығармалары ел арасында танылмай келеді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.