Билеттің жалған екені отырғызу талонын көрсеткенде бір-ақ анықталды.
Жалған билетпен ұшпақ болған жолаушы көшеде қар тазалайтын болды
istockphoto.com
347
оқылды

Астанада ер адам жалған билетпен ұшаққа отырмақ болғанда ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Астана қаласының Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасап.

Оның алаяқтығы отырғызу талонын тіркеу кезінде әшкере болды. Сот күдіктіні қамауға алып, 300 сағат қоғамдық жұмысқа тарту туралы үкім шығарды.

Елордалық сот қызметінің мәліметінше, сотталған азаматтың әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 1-бөлігі бойынша бағаланған.

«Осылайша ол пробация қызметінің бақылауына алынды. Сот шешіміне сәйкес, ол қала аумағында қар тазалау жұмыстарымен айналысады. Егер қоғамдық жұмыстардан жалтарса, жазасы қамауға ауыстырылып, түрмеге жіберілуі мүмкін», – деді пробация қызметінің басшысы Ернар Ілияшев.