Әлем кубогы кезеңінде қазақстандық спортшылар командалық спринтте бесінші болып мәреге жетті.
Конькимен жүгіру: Қазақстан әйелдер құрамасы әлем кубогының жүлдесіне ие болды
ҰОК баспасөз қызметі
1,102
оқылды

Конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем кубогының жалпы есебінде үшінші орын алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Польшаның Томашув-Мазовецк қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық спортшылар командалық спринтте бесінші болып мәреге жетті.

Аталмыш дисциплинада өткен үш кезеңнің қорытындысы бойынша, Надежда Морозова, Кристина Силаева және Дарья Важенина жалпы есепте үшінші орынға ие болды.

Бірінші орынды Польша құрамасы жеңіп алды. Күміс медаль Канада спортшыларына бұйырды.

Бұған дейін Польшада өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде Евгений Кошкин 500 метр қашықтықта алтын медаль жеңіп алғанын хабарлаған едік.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.