ТЖМ өкілдері пеште тұрған тамақты қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
Газ плитасында қараусыз қалған тамақ өртке себеп болды
Фото: istockphoto
672
оқылды

Қарағанды қаласы  Қазыбек би ауданындағы Вагонная көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде оқыс оқиға болды. Көрші пәтерден шыққан түтіннің иісін сезген тұрғындар құтқарушыларға хабарласқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Пәтердің есігін ешкім ашпағандықтан, ТЖМ қызметкерлері есікті өздері ашып, пәтерге кірген. Нәтижесінде, өрт сөндірушілер газ плитасындағы тамақ жанып, жалыны асүй жиһазына тарағанын анықтады. 

– Құтқарушылар тез арада өртті сөндіріп, плитаны өшіріп, газ баллонын ажыратып, далаға шығарды. Зардап шеккендер жоқ, – делінген ТЖМ ақпаратында.

Осы ретте ТЖМ өкілдері дайындалып жатқан тағамды қараусыз қалдырмауға кеңес береді!

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.