Медициналық бақылау агенттігінің мәліметінше, 18 адам “Мунджаро”, 29 адам “Оземпик”, “Вегови” және “Ребелсас”, ал 35 адам “Саксенда” мен “Виктоза” препараттарын қабылдағаннан кейін көз жұмған.
82 адам қант диабеті мен арықтауға  арналған дәрілерді қолданғаннан кейін қайтыс болды
Фото: istockphoto
355
оқылды
 
Ұлыбританияда 82 адам қант диабеті мен салмақ тастауға арналған препараттарды, соның ішінде “Оземпик” (белсенді ингредиент семаглютид) және “Мунджаро” (белсенді ингредиент тирзепатид) қолданғаннан кейін қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Daily Mail сайтына сілтеме жасап.
Дәрілік заттар мен денсаулық сақтау өнімдерін реттеу агенттігінің (MHRA) мәліметі бойынша, қаңтар айының аяғында арықтауға арналған дәрілерден кем дегенде 22 адам қайтыс болған. 2 типті қант диабетін емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді қабылдаған науқастар арасында тағы 60 өлім тіркелген. Бұл препараттар қолданысқа енгізілгеннен бері 400-ге жуық адам ауруханаға түскен. Сонымен қатар Saxenda және Victoza (белсенді ингредиент лираглютид) қабылдағаннан кейін 35 өлім фактісі тіркелген.
Осыған байланысты Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметі халыққа “Семіздікке қарсы дәрі-дәрмек сізге тағайындалмайынша ешқашан қабылдамаңыз”, – деген ескерту жариялаған.