Жеделхатта ол Кувейт мемлекетінің Ұлттық күнімен құттықтап, бауырлас Кувейт халқына бақ-береке тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: akorda.kz
354
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахты Кувейт мемлекетінің Ұлттық күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жеделхатта Кувейтті Таяу Шығыс пен ислам әлеміндегі саяси және экономикалық тұрғыдан беделді ел ретінде бағалайтынын жеткізді. Сондай-ақ мемлекеттеріміз арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген сан қырлы саладағы ынтымақтастық қос халықтың игілігі үшін алдағы уақытта да қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахтың жауапты қызметіне толайым табыс, ал бауырлас Кувейт халқына бақ-береке тіледі, – делінген Ақорданың ақпаратында.