Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қарастырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қарым-қатынасы достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын айтты.
Александр Новак Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей президенті Владимир Путиннің сәлемін жеткізіп, елдеріміз арасындағы диалог пен ықпалдастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті.
Кездесуде энергетика саласындағы өзара ықпалдастық мәселесі талқыланды, - делінген Ақорданың ресми ақпаратында.