Қаулы 25 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді.
Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің қай жерге салынатыны белгілі болды
Фото: istockphoto
549
оқылды

Қазақстандағы алғашқы АЭС қай жерге салынатыны белгілі болды. Үкімет басшысының тиісті қаулыcы ресми түрде күшіне енді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Еске сала кетейік, Премьер-Министр Олжас Бектенов аталған қаулыға 2024 жылы 30 желтоқсанда қол қойған болатын.

«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2) тармақшасына және 12-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облысының Жамбыл ауданы – «Атом электр стансасы» ядролық қондырғысы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, - делінген құжатта.