Қазір республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 854 арнайы техника мен 2161 маман жұмылдырылды.
Үш облыста республикалық маңызы бар жолдар жабық тұр
335
оқылды

25 ақпанда сағат 18:00 жағдай бойынша 3 облыстағы 5 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Жетісу облысы:

  • "Сарыөзек – Көктал" автожолының 141-142 шақырым аралығы (Көнбе көпірі);
  • "Үшарал – Достық – ҚХР шекарасы" автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктұма ауылы – Достық стансасы). 

Ұлытау облысы: 

  • "Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті" автожолының 216-424 шақырым аралығы (Қызылорда облысының шекарасы – Жезқазған қаласы).

Қызылорда облысы:

  • "Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті" автожолының 12-216 шақырым аралығы (Қызылорда қаласы – Ұлытау облысының шекарасы).
  • "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 1474-1806 шақырым аралығы (Әйтеке би ауылы – Қызылорда қаласы).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 854 арнайы техника мен 2161 маман жұмылдырылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.