Ол анасымен қауышар сәтті аңсап жүргенін айтты.
«Алаңдаулы күйде жүрмін...»: туған анасын іздеп жүрген Жәнібек жантебірентер жазба жариялады
Фото: instagram.com/muratsaveliev
526
оқылды

Бала күнінде бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібек Жұмағұлов (Мұрат Савелиев) тағы анасы туралы жазба жариялап, көпшіліктің жүрегін елжіретті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол анасымен қауышар сәтті аңсап жүргенін айтты.

«Өздеріңізге белгілі, сіздер менің отбасым сияқтысыздар, сондықтан Қазақстанға оралуды қатты аңсайтыным рас. Менің жағдайым жақсы. Бірақ соңғы уақытта туған анамды табуға арнаған әр сәтті, әр сағатты ойлап, алаңдаулы күйде жүрмін. Бұйырғаны болар. Мен үшін өмір деген – бұл тәжірибе және маңызды естеліктерді сақтау, ұмытпау. Бірақ дәл осындай естен кетпес күндерді бауырларыммен және әке-шешеммен бірге өткізсем, тіпті керемет болар еді. Сіздер менің жүрегімдесіздер, мен үнемі сіздерді ойлап жүремін. Біз жақын арада жүздесеміз, кездескенше күн жақсы болсын!», – деп жазды Жәнібек Жұмағұлов.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Murat Saveliev (@muratsaveliev)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.