Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, еліміздің басым бөлігінде ауа райының нашарлауы күтілуде: боран, қатты жауын-шашын, температураның күрт төмендеуі, тұман, желдің күшеюі және көктайғақ. ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды, – деген ведомство өз хабарламасында.
Сондай-ақ құтқарушылардан алдын ала ескерту жарияланған. Ескертуде: Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін келесі ережелерді сақтауыңызды сұраймыз: қыс мезгілінде сақтық шараларын сақтау керек. Дауылды ескертулерді қадағалау және ауа райы нашарлаған жағдайда сапарлардан аулақ болу маңызды.
- Жеке көлікпен жолға шықпаңыз. Егер қажет болса, қоғамдық көлікті пайдаланыңыз және маршрутыңызды алдын ала жоспарлаңыз.
- Көшеде абай болыңыз. Боран мен жел көруді қиындатуы мүмкін, жолдар тайғақ болады. Жылы киім, тайғақтан қорғайтын аяқкиім киіңіз.
- Жылыту жүйесін тексеріңіз. Үйіңізде жылыту дұрыс жұмыс істейтініне және отын жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз.
- Көшеде ұзақ тұрмаңыз. Аяз бен жел үсік шалуға себеп болуы мүмкін. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз! Төтенше жағдайлар кезінде 101 немесе 112 нөмірлеріне қоңырау шалыңыз, – делінген.
Ауа райы болжамымен Aikyn.kz сілтемесі арқылы таныс болыңыздар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.