Өртті сөндіруге 10 бірлік техника және 50-ге жуық жеке құрам жұмылдырылды.
Астанада ірі ойын-сауық орталығы өртенді (видео)
ТЖМ баспасөз қызметі
945
оқылды

Астана қаласындағы «Сарыарқа» ойын-сауық орталығы өртке оранды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

ТЖМ мәліметінше, қызыл жалын орталықтың негізгі ғимаратына және оған қатпарлас салынған 2 қабатты нысанға таралған. Оқиға орнынан 300-дей адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.

- Қазір жоғарғы ранг бойынша жұмыс істеудеміз. Жоғарғы рангта бес техника, 25 жеке құрам өрт сөндірумен айналысуда. Жалпы өрттің ауданы 50 шаршы метрді құрайды. Өртті сөндіруге 10 бірлік техника және  50-ге жуық жеке құрам жұмылдырылды, - деді Астана қаласы ТЖД бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Мауленбердиев.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.