Бұл туралы "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметі мәлімдеді.
Екі облыста ауа райына байланысты автожолдар жабылды
Фото: istockphoto
852
оқылды

2025 жылғы 26 ақпан сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты екі облыстағы республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ақмола облысында:

  • "Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай - РФ шекарасы" автожолының 856-915 шақырым аралығындағы учаскесінде (СҚО шекарасы - Жақсы а.) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Солтүстік Қазақстан облысында:

  • "Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай - РФ шекарасы" автожолының 846-856 шақырым аралығындағы учаскесінде (Тахтарброт ауылының бұрылысы - Ақмола облысының шекарасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолдарды 2025 жылғы 27 ақпан сағат 10:00-де ашу жоспарланған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.