Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты
Видеодан скриншот
1,783
оқылды

26 ақпан күні «Алматы-Астана» автожолының 56 шақырымында жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, BMW-728 көлігінің жүргізушісі қарама-қарсы жолаққа шығып, Ford Mondeo автокөлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан Ford өртеніп кеткен.

– Оқиға орнында Ford көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, сондай-ақ BMW-нің бір жолаушысы қаза тапты. BMW жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – делінген ақпаратта.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жылдамдықты асыру, қарама-қарсы жолаққа шығу, рульде отырған немқұрайлық таныту – қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.