Әнші барынша сақ болуға шақырды.
«30 жасыма дейін қыспақта болдым»: Мөлдір Әуелбекова жар таңдауға қатысты кеңес берді
Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova
5,576
оқылды

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова Дина Төлепбергенге берген сұхбатында әйел адам бақытты боламын десе, жар таңдаудан қателеспеуі тиіс екенін ашып айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Бақытта боламын десеңіздер, жар таңдаудан қателеспеңіздер. Адам өзінің жүрегін тыңдау керек екен. Елдің пікірін емес. Мен 30 жасыма дейін, тұрмыс құрып, босанғанға дейін қыспақта болдым. Ағайын-туыс, дос-жарандардан, жан-жақтан «Қашан, қашан?» деген сұрақтар көп болды», – деді әнші.

Дегенмен ол сырттан айтылған кеңес пен пікірлерге құлақ асу керектігін, бірақ түбінде өзің шешім қабылдау керек екенін ерекше атап өтті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.