Оқырмандарының бір бөлігі актрисаға бақыт тілеп, құттықтаса, енді бірі оның әрекетін сынады.
«Құттықтауға болады»: Айгүл Иманбаева қуанышты жаңалығын жеткізді (Видео)
Фото: видеодан кадр
1,545
оқылды

Актриса Айгүл Иманбаева күйеуімен бірге түскен видеосын жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Әнші тұрмысқа шыққанына 23 ақпанда бір жыл болғанын айтты.

«Кеш жарық, қадірлі менің оқырмандарым! Былтырғы 2024 жылдың 23 ақпаны күні жолдасым Ерлан екеуміздің заңды некеге отырып, шаңырақ көтерген күніміз болатын. Биыл 1 жыл толып отыр. Құттықтап қоюларыңызға болады. Әрбір адам баласының тағдыры бір Жаратушының қолында. «Әйел қырық шырақты» деген осы шығар. Әрбір әйел бақытты болуға лайықты!» – деп жазды Айгүл Иманбаева.

Оқырмандарының бір бөлігі актрисаға бақыт тілеп, құттықтаса, енді бірі оның әрекетін сынады.

«Қосағыңмен қоса ағар!», «Осыншама бақытты қанша жылдан кейін беріп тұр Алла. Қуана білейік! Бақытты сәттеріңіз көп болсын», «Екеуі ұқсас екен. Айгүл бақыттан бал-бұл жайнап тұр, ұзағынан сүйіндірсін! Мен де 55-ке келіп таптым бақытымды. Жақсылықтың ерте-кеші жоқ. Алла Сіздерге ұзақ ғұмыр берсін!», «Айгүл, жас қыз емессің. Қазақы тәрбие көргенсің. Не болды соншама?», «Сүйіскені ерсі екен!», «Ұят қой мынауың, Айгүл», – деп жазды желі қолданушылары.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 𝐀𝐈𝐆𝐔𝐋 𝐈𝐌𝐀𝐍𝐁𝐀𝐘𝐄𝐕𝐀 (@aigul_imanbayeva)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.