Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі азаматтарға арналған WhatsApp чат-ботын іске қосты.
Антикор жемқорлық фактілері туралы жедел хабарлау үшін жаңа құрал енгізді
Фото: istockphoto
288
оқылды

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда «Заң және Тәртіп» қағидаттарын ілгерілету бойынша жұмысты жалғастыруда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру, сондай-ақ азаматтық белсенділікті арттыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлық фактілері туралы жедел хабарлау үшін жаңа құрал енгізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазіргі таңда жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл қоғамның белсенді қатысуымен және қолдауымен жүзеге асады. Осы орайда Антикор қоғамды жемқорлықпен күреске шақырып, келесідей ақпаратпен бөлісті:

Біз жаңа Антикор 1424 Whatsapp-чат-ботының іске қосылғанын қуанышпен хабарлаймыз.
Енді әрбір азамат жемқорлық фактілері туралы хабарлай алады немесе WhatsApp мессенджері арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес ала алады.
Ол үшін 8 777 000 1424 нөміріне хабарлама жіберу жеткілікті.
Антикор 1424 WhatsApp-чат-бот арқылы не істеуге болады?
- Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес алу, – делінген Антикордың арнайы хабарламасында.

Сондай-ақ, хабарламада: Біз өтініштің толық құпиялылығына кепілдік береміз. Барлық хабарламалар міндетті түрде қаралады және құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.
Алайда, сыбайлас жемқорлық туралы жалған хабарлау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске саламыз, – деп ескерту жарияланған.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы шынайы ақпарат бергені үшін 15,7 млн теңгеге дейін сыйақы көзделген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.