Қылмыстық іс 62 томнан тұрады.
Шерзат Полаттың өліміне қатысты істі тергеу аяқталды
883
оқылды

Алматы облыстық Полиция департаменті Шерзат Полаттың өліміне қатысты істі тергеу жұмыстары аяқталғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тараптар қылмыстық іс материалдарымен толық танысып, істі сотқа жіберу үшін прокурорға жолданды.

– Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізілді, шамамен 200 куәгерден жауап алынды, барлық күдіктінің оқиға орнында айтқан жауаптары тексерілді, процесс қатысушылары арасында беттестірулер өткізілді, сондай-ақ қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған өзге де тергеу әрекеттері жүзеге асырылды, – делінген ресми ақпаратта.

Қылмыстық істі тергеу барысында күдіктілердің әрекетіне құқықтық баға бере отырып, 8 бейнематериал зерттелді.

Қылмыстық іс 62 томнан тұрады, оның ішінде барлық жиналған дәлелдемелер, сараптама қорытындылары, жауап алу хаттамалары және басқа да маңызды материалдар бар.

– Әрбір тергеу әрекеті қылмыстық заңнама талаптарына сәйкес жүргізілді, тергеудің барлық кезеңдерінде заңдылық, ашықтық және объективтілік қамтамасыз етілді.

Тергеудің барысы және процесс қатысушыларының конституциялық құқықтарының сақталуы прокуратура органдарының бақылауында болды, – деп мәлімдеді облыстық Полиция департаменті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.