Автожолдың жалпы ұзындығы 940 шақырымды құрайды.
Төрт облысты байланыстыратын автожол толық жөндеуден өтеді
Көлік министрлігі
1,604
оқылды

Қазақстанның төрт өңірін байланыстыратын «Жезқазған-Петропавл» автожолы толық жөндеуден өтпек, – деп хабарлайды Aikyn.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл жолда орташа жөндеу жұмыстары 2024 жылы басталып, 590 шақырым жол жөнделген болатын. Биыл тағы 113 шақырым жолды жөндеу жоспарланып отыр.

Көлік министрі Марат Қарабаев Қостанай облысының Арқалық қаласына іссапары барысында аталған тасжолдың жағдайын тексеріп, былтырғы жол-құрылыс маусымының нәтижелерімен танысты.

– Аталған автожолдың жалпы ұзындығы 940 шақырымды құрайды. Оның 125 шақырымы Қостанай облысының аумағымен өтеді.

Автожолды орташа жөндеу жұмыстарымен қамту өңірдің дамуы, көлік қолжетімділігін арттыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту үшін маңызды. «Жезқазған-Петропавл» тасжолы Арқалықты облыс орталығы Қостанаймен, сондай-ақ Астана және Жезқазған қалаларымен байланыстыратын негізгі көлік артериясы, – делінген министрліктің мәліметінде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.