Әлеуметтік желіде қайырымды ісімен танымал болған, жүзін жасырып жүрген жігіт балаларымен бірге такси жүргізіп, жұмыс істеп жүрген анаға үй сыйлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жалға көлік алып, такси жүргізіп жүрген жалғызбасты ана Айжарқын жақында жол апатына түсіп, қызы ауруханаға түскенін айтады.
«Жалға алған көлікпен такси болып, ақша тауып жүрген жерімнен жол апатына түстім. Соққы болған сәтте терезеден ұшып кеттім. Арамызда үлкен қызым қатты зардап шекті. Қолы, аяғы сынып, басы жарылды. ... 2024 жылдың сәуір айында көршім мас күйде үлкен қызымды зорлай жаздады. Содан кейін қыздарымды біреуге қалдырудан қорқамын. Арманым – өзімнің азық-түлік сататын дүкенімді ашсам деймін. Төрт күн болды намаз оқығаныма. Әсіресе кеше кешке түсініксіз бір сезімде болдым», - дейді жалғызбасты ана.
Маскадағы беймәлім жігіт бұл отбасыға қуаныш сыйлады. Ол жас ананың, балаларының емделуіне, дүкен ашуға қажет қаражат ұсынып, баспана сыйлады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.