Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер балконда қамалып қалған Щучинск қаласының тұрғынын құтқарған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Үш жасар қыз есікті жауып қойған, ал әжесі балконда қалған. Қамалып қалған әже Морозова көшесінде орналасқан үйдің үшінші қабатындағы балконнан өтіп бара жатқан адамдардан көмек сұраған.
ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына дереу жетіп, балконға баспалдақпен көтерілген. Содан кейін олар есікті ашып, пәтерге кірді. 1961 жылы туылған әйел адам құтқарушылардың тез және үйлесімді әрекеттерінің арқасында тоңып қалмады, - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.