Науқас Атырау облыстық ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды. Оған жамбас сүйегін орнына келтіру, сүйек құрылымдарын бекіту және буын қызметін қалпына келтіру бойынша кешенді операция жасалды.
- Бала дүниеге келгенде жамбас сүйегінде ақау болған. 3 және 6 айлығында ортопед “Жамбас буыны туа бітті шығып кеткен” деген диагноз қойып, дереу ем алу керектігін айтқан. Бірақ белгісіз себептермен ата-анасы баланы емдетпеген. Дегенмен уақыт өте балаларының ақсаңдап жүретінін байқап, дәрігердің көмегіне қайта жүгінген. Ортопед мамандар тексерістен кейін оған шұғыл ота қажет екенін айтты. Кейін облыстық ауруханада арнайы ота жасалған болатын. Қазір операция сәтті өтіп, бала оңалту кезеңінен өтуде. Арнайы жаттығулар мен физиотерапиядан кейін ол еркін жүре алады. Бұл отаның нәтижесінде бала болашақта еш қиындықсыз қозғалып, толыққанды өмір сүре алады,- деді травматолог дәрігер Болат Есназаров.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА, Атырау облысы
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.