Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі болған.
Қанат Шарлапаев Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды
Фото: gov.kz
709
оқылды

Қанат Шарлапаев Қазақстан Президентінің экономика мәселелері жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - делінген ресми хабарламада.

Қанат Шарлапаев 2023 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрі болып тағайындалды. Бұған дейін, 2022 жылдың ақпан айынан бастап «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған, одан бұрын, 2020 жылы «City Investment Bank» АҚ (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропаның дамып келе жатқан нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі аймақтық директоры қызметін атқарған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.