Қазақстанда төтенше жағдай режимі қашанға дейін созылады?
Қазақстанда төтенше жағдай режимі қашанға дейін созылады?
Фото: Интернеттен алынды
271
оқылды
Президент Жарлығына сәйкес Қазақстанда төтенше жағдай 15 сәуірге дейін жалғасады. «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыздағы 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізілсін» делінген Президенттің Жарлығында. Айта кетсек, бүгін Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілді. Бұл туралы Жарлыққа Қазақстан Президенті қол қойды.

Оның ішінде, мыналарға басымдық берілген: 

Төтенше жағдайдың күшінде болу кезеңінде мынадай шаралар және уақытша шектеулер енгізілсін: 1) қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық, ерекше режимдік, режимдік және  ерекше қорғалатын объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілсін; 2) ірі сауда объектілерінің жұмыс істеуіне шектеу қойылсын; 3) сауда ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметін тоқтата тұрсын; 4) карантин енгізсін, санитариялық-эпидемияға қарсы ауқымды іс-шараларды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және ішкі істер органдарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен жүзеге асырсын; 5) ойын-сауық,  спорттық  және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ  отбасылық,  салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынсын; 6) Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметінің персоналын, сондай-ақ  Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер белгіленсін.