Синоптиктер алдағы күндері Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болатынын ескертеді.
Қар жауып, боран соғады: наурыздың алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto
6,310
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 1-3 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Наурыз айының алғашқы күндерінде батыс өңірлерде циклон әсері күшейіп, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен қар жауып, боран соғады.

Ал оңтүстікжәне оңтүстік-шығыс аймақтарда жауын-шашын болады деп болжануда.

2 наурыз күні солтүстік-батыста қар жауады, 2-3 наурызда оңтүстікте, ал 3 наурызда оңтүстік-шығыста жауын-шашын болады деп күтілуде. Сонымен қатар, тұман түсіп, көктайғақ болып, жел екпіні күшеюі мүмкін.

Синоптиктер алдағы күндері Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болатынын ескертеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.