28 ақпанда Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы «Болашақ» шахтасында апат болды. Төтенше жағдай салдарынан төрт кенші зардап шекті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Қазхром» ТҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жарылыс Дөң тау-кен байыту комбинатының «Болашақ» шахтасында болған.
- Кен өндіру блогында бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде ауа кеңістігінің қысқа мерзімді тұтануы пайда болды. Салдарынан төрт адамды күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Апат себептері анықталып, жою жұмыстары аяқталғанша шахтадағы кен өндіру жұмыстары тоқтатылды, – делінген ресми мәліметте.
Аталған ақпаратты Ақтөбе облыстық Полиция департаменті растады. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.