Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов айтып берді.
– Алдағы 6 жылда кадр бойынша жиынтық сұраныс 1,6 млн адам болып отыр. Оның ішінде шамамен 900 мың кәсіптік-техникалық білімі бар қызметкер және 400 мыңнан астам жұмысшы маман қажет. Жұмысшы кадрлар негізінен құрылыс, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі және денсаулық сақтау саласында сұранысқа ие, бұл – жұмысшы мамандардың 56%-ы. Осы орайда орталық мемлекеттік органдар мен өңір әкімдіктері жұмысшы мамандықтары жылы шеңберінде іс-шаралар жоспарын іске асыруды бастады. Мемлекеттік органдардың жоспарына сәйкес жаңа кәсіпорындар ашу мен жаңа жұмыс орындарын құру – негізгі міндет, – деді Асқар Биахметов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ министрдің орынбасары «Жастар практикасы» жобасы жалғасатынын айтты.