Вашингтондағы Владимир Зеленский мен Дональд Трамп арасындағы келіссөз шиеленіске ұласып, Украина президенті ешқандай келісімге қол қоймай, Ақ үйден кетіп қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz DW басылымына сілтеме жасап.
Кездесу барысында Трамп Зеленскийге келісімге тезірек қол қоюды талап етіп, «Үшінші дүниежүзілік соғыстың отымен ойнап отырсың!» деп айып тақты. Ал Зеленский, өз кезегінде, АҚШ-тың сыртқы ықпалдардың жетегінде кеткенін мәлімдеді.
Екі саясаткер бірнеше минут бойы БАҚ өкілдерінің көзінше дауыс көтеріп, келіссөз нәтижесіз аяқталды. Трамп күткен сирек минералдар жөніндегі келісім жасалған жоқ.
Дональд Трамп Ақ үйдегі келіссөздерден кейін Truth әлеуметтік желісінде мәлімдеме жасады.
«Біз бүгін өте мағыналы кездесу өткіздік. От пен қысым астында сөйлеспейінше, кей нәрселерді түсіну мүмкін емес. Эмоция арқылы айтылған жайттар таңғаларлық болды, және мен президент Зеленскийдің бейбітшілікке дайын емес деген қорытындыға келдім», – деп жазды Трамп.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.