Аспиринді кез келген адам «қаным қою» деп өздігінен ішуіне болмайды. Бұл жайлы кардиолог Гүлжан Жаңалықова "Айқын" газетінің тілшісіне берген сұхбатында айтты.
Тілшінің «Қан қысымын түсіреміз» деп адамдар білместікпен көп жағдайда аспирин тағы сол сияқты препараттар қолданады. Бұл қаншалықты дұрыс?» деген сұрағына:
"Ацетилсалицил қышқылы, яғни аспирин дәрісінің екі эффектісі болады. Бірінші, антиагрегант, яғни қанды сұйылтатын, қабынуға қарсы дәрі. Аспиринді кардиологияда көп жағдайда жедел коронарлы синдром кезінде, миокард инфарктісі туындаған кезде қанды сұйылтып, шұғыл медициналық көмек көрсететін кезде қолданылады. Сондай-ақ жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия, инсульттан кейінгі жағдайда ішілетін дәрі.
Бірақ көп адам қан қысымы жоғарыласа болды бірден аспиринді, тромбопол, тромбас, кардиомагнил, аспирин кардио сияқты препараттарды ішеді. Бірақ бұлардың барлығы бір топтың дәрілері. Яғни, қанды сұйылтады. Бұл дәрілерді қан қысымы жоғары кезде ішуге болмайды. Кез келген адам «қаным қою» деп өздігінен ішуіне де болмайды. Тек кардиолог дәрігердің нұсқауымен қабылдауы тиіс. Ұзақ уақыт аспиринді ішкеннен мұрыннан, тік ішектен, асқазан эрозиясы мен жарасынан қан кетуі мүмкін. Соның салдарынан көп адамдарда анемия ауруы туындайды", – деп жауап берді дәрігер
Сұхбатты толық оқу үшін